| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қант диабеті мен БЦП дертіне шалдыққан азаматтарға бұрынғыдай көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қант диабеті, БЦП және басқа да созылмалы ауруларға шалдыққан азаматтар бұрынғыдай мемлекеттік медициналық көмек пен тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Оның айтуынша, созылмалы ауруы бар пациенттерге арналған қолдау толық көлемде сақталады.
- Біз тек әкімшілік тұрғыда кейбір рәсімдерді өзгерттік. Бұл азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған шара, — деді вице-министр.
Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт негізгі ауру түрі — қант диабеті, БЦП және біріктіруші тіндердің жүйелі аурулары — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қаржыландырылатынын еске салды.
Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева қазіргі таңда мұндай науқастардың саны шамамен 560 мың адамды құрайтынын айтты. Олардың 92 пайызы сақтандыру мәртебесіне ие.
- Мемлекет есебінен жарна төлейтін жеңілдікті санаттар да бар — оған балалар, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар жандар, жұмыссыздар, студенттер мен әскери қызметшілер кіреді. Сондықтан ешбір азамат медициналық сақтандырусыз қалмайды, — деді ол.