457.99
534.15
5.47
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекетке миллиардтаған шығын келген: прокуратура 30,1 млрд теңге бойынша шара қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекетке миллиардтаған шығын келген: прокуратура 30,1 млрд теңге бойынша шара қабылдады

24.08.2026
мин
0
276
Сурет: Adyrna.kz

Соңғы екі жылда қылмыстық істер салдарынан мемлекетке 66,5 млрд теңге көлемінде шығын келген. Оның 30,1 млрд теңгесі өтелмей қалып, прокуратураның араласуынан кейін бюджетке 651 млн теңге қайтарылған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда қылмыстық істерден кейін мемлекетке келген қаржылық шығынды өндіріп алу мәселесіне прокуратура органдары ерекше назар аударып отыр. Бас прокуратураның дерегіне сәйкес, соңғы екі жылда қаралған қылмыстық істердің нәтижесінде бюджетке 66,5 млрд теңге көлемінде залал келген.

Алайда бұл соманың едәуір бөлігі мемлекетке әлі қайтарылмаған. Өтелмеген залал көлемі 30,1 млрд теңгені құрайды.

Ведомство жүргізген талдау барысында қаржыны өндіріп алуды қиындататын бірқатар мәселе анықталған. Соның бірі — мемлекеттік органдардың шығынды өтеу туралы сот талаптарын уақытында жолдамауы.

Осыдан кейін прокуратура мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған шараларды күшейткен. Нәтижесінде прокурорлар 30,1 млрд теңге көлеміндегі залал бойынша 6 ұсыну, 3 наразылық және 27 талап қою енгізді.

Қабылданған шаралардың алғашқы нәтижесінде мемлекет бюджетіне 651 млн теңге нақты қайтарылған. Ал қалған соманы өндіріп алу мәселесі бойынша сот процестері жалғасып жатыр.

Бір істің өзінде бюджетке 575,9 млн теңге түспеген

Мемлекетке келтірілген залалдың ауқымын Қызылорда облысындағы қылмыстық іс мысалынан да көруге болады.

Тергеу материалдарына сәйкес, екі азамат ақпараттық жүйеге жалған деректер енгізіп, 63 автокөліктің техникалық құжаттарына заңсыз өзгеріс жасаған.

Осының салдарынан бюджетке бірқатар төлем түспей қалған. Атап айтқанда, 16 көлік бойынша кедендік төлем көлемі 115,3 млн теңгені құраса, 63 автокөлікті алғаш мемлекеттік тіркеу кезінде алынуы тиіс алым 460,6 млн теңге болған.

Екі соманы қосқанда, бюджетке түспеген қаражат 575,9 млн теңгеге жеткен.

Прокуратура араласқаннан кейін уәкілетті орган сотқа жүгінген. Соның нәтижесінде аталған соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу қамтамасыз етілді.

Бас прокуратураның ұстанымынша, мұндай істерде басты нәтиже — залалды анықтау емес, оны нақты қайтарып, мемлекет қазынасына түсіру.

Ведомство бюджетке қайтарылған қаражаттың түпкілікті мақсаты халық пен елдің қажетіне жұмсалу екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталғаны хабарланған. Сонымен қатар 617,7 млрд теңгеге 500-ден астам жобаны қаржыландыру мақұлданған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл