462.22
536.5
5.43
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дауыс беру тәртібі: сайлаушы нені білуі керек?
Жаңалықтар

Дауыс беру тәртібі: сайлаушы нені білуі керек?

20.08.2026
мин
0
104

Қазақстанда дауыс беру кезінде әрбір сайлаушы белгіленген тәртіпті сақтауы қажет. Бюллетеньді алу, толтыру және дауыс беруге арналған жәшікке салу кезінде ескерілетін маңызды талаптар бар, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сайлаушыға бюллетень сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Сайлаушы бюллетеньді алғанын растап, сайлаушылар тізіміне қол қояды. Бюллетеньді берген комиссия мүшесі де оған өз қолын қояды.

Бюллетеньді толтыру тәртібі

Сайлаушы бюллетеньді жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. Бюллетеньді толтыру кезінде бөгде адамдардың болуына жол берілмейді. Сайлаушы саяси партиялардың атаулары көрсетілген бюллетеньде өзі дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға белгі қояды. Сондай-ақ, «Бәріне қарсымын» деген жолдағы шаршыны белгілеуге болады. Бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға және оған қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Толтырылған бюллетеньді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшікке салады.

Маңызды ережелер

Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы бюллетеньдерді беруге құқылы емес. Сондай-ақ толтырылған бюллетеньді фотоға немесе бейнежазбаға түсіруге және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.

Дауыс беру кезінде сайлаушы белгіленген талаптарды сақтап, бюллетеньді жасырын дауыс беру кабинасында өз бетінше толтырып, дауыс беруге арналған жәшікке салуы қажет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл