Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекеттен көмек алу мақсатында өтірік ажырасу саны артқан
Жаңалықтар

Мемлекеттен көмек алу мақсатында өтірік ажырасу саны артқан

29.06.2020
1 мин
0
1156

Елімізде соңғы 2 жыл ішінде ажырасу саны 4 пайызға артқан. 2017 жылы 39% болса, 2019 жылы 43%-ды құрап отыр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, отбасы мен бала институтын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қарамастан, елде ажырасулар саны артып келеді.

"Өкінішке қарай, қоғамның дамуымен қатар, отбасылық құндылықтар да өзгеріп жатқанын айта кету керек. Еліміз үшін үлкен проблема – отбасылардың ажырасу санының артуы. 2017 жылы 55 мың тіркелген некенің 39 пайызы ажырасқан, 2019 жылы бұл көрсеткіш шамамен 60 мың немесе 43%-ға жеткен", – деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, елімізде атаулы әлеуметтік қолдауды енгізу аясында ажырасу саны күрт артқан. Яғни, мемлекеттен материалдық көмек алу кезінде кейбір ерлі-зайыптылар ақша үшін өтірік ажырасып жатқанын айтты.

Ол мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі – отбасын, ана мен баланы қорғау екенін атап өтті. Мұндай мәселені шешудің негізгі тетіктері 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында көрсетілген.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл