Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғалары ұсталды
Жаңалықтар

Мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғалары ұсталды

13.05.2022
1 мин
0
1504

Мемлекеттік сатып алу бойынша аудит қызметкерлері де қылмыспен ұсталған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтып берді.

«Мемлекеттік сатып алудағы қылмыстар негізінен құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларында жасалады. Мәселен, Қызылорда облысында мәдениет басқармасының басшысы болған Әбуова Жалаңтөс Баһадүр ескерткішін салуға кедергісіз қаражат аударғаны үшін 1 млн теңге пара алған. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Балықбаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жолдар мен су өткізу құбырларын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасағаны үшін кәсіпкерден 1,8 млн теңге (10%) қайтарым алған», - деді Ұ. Сарқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен бірге өткен жылы агенттік Атырау облысы әкімінің орынбасары Б. Хаменованы әшкерелеген, ол қалада Абайға ескерткіш орнату үшін 4,5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде. 

«Қаржылық бақылау органдарының да сыбайлас жемқорлығын атап өту керек. Соңғы 2 жылда агенттік ішкі мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғаларына қатысты 27 қылмысты тіркеді. Олар әдетте, мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын қайта қарау үшін пара алып келген. Мысалы, ішкі мемлекеттік аудит мамандарының өздері шағым ұйымдастырған. Содан кейін қайтадан өздерінің пайдакүнемдік мақсатында тексеру жүргізген. Мәселен, өткен жылы бір ғана ЖШС-дан осындай 1600 шағым түсіп, оның 900-і қанағаттандырылған. Ал басқа нақты, шынайы өтініштер еленбеген», - деді Ұ. Сарқұлов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл