Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мейрам Қажыкен Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
Жаңалықтар

Мейрам Қажыкен Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

03.10.2022
1 мин
0
1467

«Астана» халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкен кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатурасы ұсынылғанын растады.

«Өткен аптада «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінде жиын болып, кезектен тыс өтетін президент сайлауына менің кандидатурам ұсынылған болатын. 

Ұйым мүшелері қолдап дауыс берді. Ертең Орталық сайлау комиссиясына барып, үміткер ретінде тіркелу жұмыстарымен шұғылданамын», - деді Мейрам Қажыкен ҚазАқпарат тлшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Мейрам Зекешұлы Қажыкен 1961 жылдың 5 сәуірінде Павлодар облысында туған. Экономика саласындағы бірнеше ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы. 

Еңбек жолын туған өлкесінде инженер-гидротехник болып бастаған (1982 жылы).

2002-2003 жылдары Павлодар облысы экономика департаментінің бастығы, 2003-2004 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде Үкімет басшысының кеңесшісі, өндіріс және инфрақұрылым саласы бөлімінің меңгерушісі, 2010-2011 жылдары Қазақстан индустрияны дамыту институтының директоры қызметтерін атқарды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл