Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Микронесие жыры: Жалақыға дейін қалай күн көремін...
Жаңалықтар

Микронесие жыры: Жалақыға дейін қалай күн көремін...

07.03.2024
1 мин
1
2115
Фото: inbusiness.kz

Соңғы 2 жылда қысқа мерзімді онлайн кредит алушылар қатары күрт өскен, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазір онлайн микрокредит секторында 227 мың адамның проблемалық кредиті бар. Бұл бүкіл микроқаржы ұйымының секторының проблемалық қарыз алушылар санынан 80 пайызына тең.

Әсіресе жастар арасында микронесие алу әдетке айналып кеткен. Ақшаға мұқтаж емес қазақстандықтардың өзі бірнеше жерге тіркеліп, сан соғып жатыр. 

Осы тақырып төңірегінде депутат Ержан Бейсенбаев қазақстандықтардың дені микронесиені жалақыға дейін күн көру мақсатында алатынын айтып, сауал жолдады. 

«Қазір азаматтардың көбі жалақыға дейін күн көру үшін микрокредиттер алуға мәжбүр. Бұл – өте қауіпті құбылыс. Өйткені, мұндай қарыздың пайызы аса жоғары. Тіпті, кейбір жағдайда 1 мың пайызға дейін жетеді. Қазір бұл – кепілсіз қарыз алудың өте оңай жолы. Ақша тез әрі қарыз алушының табыс деңгейі есепке алынбай беріледі. Дәл осы сегментте жастар өте көп кредит алып жатыр, ал кейбірінің басында 2-3 кредитке дейін бар. Әрине, кредиттің деңгейінің өсуімен проблемалық кредиттер саны да артып жатыр. Бүгінде проблемалық несиелер бойынша жалпы қарыз 1,7 трлн теңгеден асады. Осыған байланысты микроқаржылық ұйымдардың осындай микрокредиттер беруіне қойылатын талаптарды қатаңдату көзделе ме? Микронесие беруді алып тастау жағы қаралы ма?», - деді ол.

Депутаттың сауалына Мәжілістегі әріптесі Үнзила Шапақ жауап берді.

«Бүгін заңнамалық тұрғыда жалақыға дейін микрокредит беру мүмкіндігі қарастырылған. Ол 45 күнге дейін 50 АЕК сомасында беріледі, бұл – 184 600 теңге. Бұл шағын несиелер қарыз жүктемесін тиісті бағалаусыз қашықтан беріледі. Сондықтан бүгінде бұл сегментінде 60 компания жұмыс істейді. Олар жоғары ставка бойынша тұрғындарға микрокредитті бере береді», - деді депутат.

Аталған мәселе қазір заң аясында қаралып жатыр. Атап айтсақ, бұрын қарызы болған, не күнтізбелік 90 күннен кешіктірілген берешегі бар азаматтарға микрокредит алуға тыйым салу туралы норманы енгізу жағы қарастырылып жатыр.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
М
Маржан 08.03.2024
Менде алгам 5еу микронесие басында толейын дегем тек % толеп журеберген сон карызга чем болше баттым. Быздын мемлекет қарапайым халықты тонауда қаржы жағынан сауатсыз ел қарызға белшесынен батуда.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл