464.53
543.73
6.15
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Миллиардтаған қаржы: жалған мәмілелер арқылы дәрі бағасын өсіргендер әшкереленді
Жаңалықтар

Миллиардтаған қаржы: жалған мәмілелер арқылы дәрі бағасын өсіргендер әшкереленді

05.05.2026
мин
0
177
Сурет: Elordainfo.kz

Сирек кездесетін ауруды емдеуге арналған препараттарды жеткізу барысында ірі көлемде қаржылық заңбұзушылықтар әшкереленді, —деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Дюшенн бұлшықет дистрофиясын емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алу кезінде орын алған заңбұзушылықтар бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында «Интерфармсервис» ЖШС Қазақстан аумағында аталған дәрінің жалғыз дистрибьюторы бола отырып, жеткізу тізбегіне шетелдік компанияны заңсыз енгізгені анықталды. Атап айтқанда, БАӘ-де тіркелген және өздеріне бағынысты ұйым арқылы жалған келісімшарттар рәсімделген.

Осының нәтижесінде дәрі бағасы бірнеше жыл бойы жасанды түрде өсіріліп отырған. Құзырлы орган мәліметінше, бұл әрекеттер мемлекетке шамамен 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

Сонымен қатар 4 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, 637 млн теңге салық төленбегені белгілі болды.

Заңсыз жолмен алынған табысқа 32 пәтер, 11 автокөлік және 8 жеке тұрғын үй сатып алынған. Қазіргі таңда аталған мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта тараптар іс материалдарымен танысу кезеңінде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл