| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Министр Ғани Бейсембаев азаматтарды оффлайн және онлайн форматта қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қабылдау кезінде мектепке дейінгі, орта білім, кәсіптік және техникалық білім, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты сұрақтар көтерілді. Бейсембаев азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауына алынды.

Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да ұйымдастырылады.