Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министр шахматтан абсолютті чемпиондар бәсекесін тамашалады
Жаңалықтар

Министр шахматтан абсолютті чемпиондар бәсекесін тамашалады

10.04.2023
1 мин
0
398

Елімізде 7618 үйірмеде 250 мыңнан астам адам шахматпен жүйелі түрде айналысты, ал осы оқу жылының басынан 28 мыңға жуық бала оқитын 654 мектепте шахмат пәні факультатив түрінде енгізілді - Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы әлем чемпионы атағы үшін матчтың бірінші партиясында символдық алғашқы жүрісті жасады.

"Шахматтан әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін таласып жатқан Ян Непомнящий мен Дин Лижен арасындағы матчтың алғашқы партиясын тамашалап, айтулы дуэльді бастаған салтанатты рәсімге қатыстым.

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворковичпен бірге ойын партиясында алғашқы қадам жасап бердім.

Естеріңізге сала кетейін, әлем біріншілігі матчтарының тарихы 1886 жылдан бастау алады. 137 жылдық тарихта шахматтан 16 әлем чемпионы анықталған.

Бүгінде дүниежүзі мұқият бақылап отырған бұл матч елімізде шахматты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болатынына сенімдімін.

Қазірдің өзінде Қазақстанда аталған спорт түрін дамыту және ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Әсіресе балалар мен жастар арасында бұл бағыт үлкен қарқын алып келеді.

Мысалы, 2022 жылы Қазақстанда 7618 үйірмеде 250 мыңнан астам адам шахматпен жүйелі түрде айналысқан болса, осы оқу жылының басынан бері 28 мыңға жуық балаға арналған 654 мектепте шахмат пәні факультатив түрінде енгізілді.

Мен отандық спорт жанкүйерлерін үлкен шахмат мерекесінің басталуымен құттықтаймын, ал спортшыларға қызықты ойын көрсетуді және сәттілік тілеймін!" -, дейді Асхат Оралов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл