| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Министрлік атын иемденген алаяқтар үй аралап, дерек жинамақ болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Соңғы күндері желіде өзін министрлік қызметкері ретінде таныстырып, үйлерді аралап жүрген адамдар туралы видео тарады. Оқу-ағарту министрлігі бұл тұлғалардың ведомствоға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Министрлік қызметкерлері ешқашан үй аралап, құжат немесе жеке ақпарат жинамайтынын айтты. Сондықтан мұндай әрекетке барғандар алаяқ болуы мүмкін.
Ведомство азаматтарды сақ болуға шақырып, күмәнді жайт байқалса, дереу полицияға хабарлауды ұсынды. Министрлік мұндай адамдардың әрекеті үшін жауап бермейтінін ескертті.
Сонымен қатар, биыл интернет-алаяқтық 16,5 мыңнан асып, азаматтардың 34 млрд теңгесі қолды болғаны белгілі болды.