Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Moody's Kaspi Bank рейтингтерін көтерді
Жаңалықтар

Moody's Kaspi Bank рейтингтерін көтерді

28.07.2021
1 мин
1
1182

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank рейтингтерін көтерді.

Ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі Ba2-ден Ba1-ге дейін көтерілді. Контрагент тәуекелінің ұзақ мерзімді дәрежесі Ba2-ден Ba1-ге дейін жоғарылады. Халықаралық деңгейдегі ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтердің болжамы мен эмитенттің жалпы болжамы "Позитивтен" "Тұрақты" болып өзгертілді.

Moody's сарапшылары Kaspi Bank рейтингінің көтерілуі берік қаржылық көрсеткіштер мен 2020 жылдағы қолайсыз операциялық ортаға тұрақтылығын көрсетеді деп атап өтті. 2020 жылы және 2021 жылдың бірінші тоқсанында кіріс тұрақты болып, өтімділік қоры күшейтілді және Kaspi активтерінің сапасы жақсарды.

Kaspi.kz басшысы және оның негізін қалаушы Михаил Ломтадзе бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді:

"Рейтинг жоғарылауы бизнесіміздің жоғары сапасы мен үздік әлемдік тәжірибеге сай жұмыс қағидаларымыз тағы бір мойындалғанын білдіреді. Біз сүйікті клиенттеріміз үшін инновациялық қызметтер құруды және іске қосуды жалғастырамыз. Мысалы, біз маусымда теміржол билеттерін Kaspi.kz суперқосымшамыз арқылы тікелей сатып алу мүмкіндігін қостық. Біз қазақстандықтардың өмірін жақсартатын жаңа қызметтермен таңғалдыра береміз. Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!".

Сонымен қатар, Moody's банктің ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін A1.kz-тен Aa3.kz-ке, ал ұлттық контрагент тәуекелі ұзақ мерзімді рейтингін A1.kz-тен Aa2.kz-ке дейін көтерді.

Депозиттердің қысқа мерзімді рейтингі және контрагент тәуекелінің қысқа мерзімді рейтингі NotPrime деңгейінде, ал контрагент тәуекелінің қысқа мерзімді рейтингі Not Prime (cr) деңгейінде тіркелді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл