Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мүлік салығынан кімдер босатылады
Жаңалықтар

Мүлік салығынан кімдер босатылады

12.09.2022
1 мин
2
3241

Қазақстан азаматтары (жеке тұлғалар) мүлік салығын 2022 жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кімдер мүлік салығын төлеуден босатылатынын және жеңілдіктерге құқығы бар екенін айтты.

Мүлік салығы 2021 жылға төленеді.

Сонымен жеке тұратын зейнеткерлерге салықтан босату қарастырылған, егер оларда мыналар болса:

  • тұрғын үй және оған қоса салынған құрылыстары бар жер учаскелері;

  • шаруашылық жер.

Бұл ретте жеңілдік барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құнының 1000 еселенген АЕК (2021 жылға 2 917 000 теңге) құны шегінде қарастырылған. Көрсетілген сомадан жоғары қалған мүлік үшін сіз мүлік салығын төлеуіңіз керек.

Мүлік салығын төлеуден босату "Батыр ана" атағын алған немесе "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға, егер оларда:

  • тұрғын үй ғимараты, оның ішінде оған бекітілген құрылыстары бар жер учаскесі;

  • іргелес жер болса.

Олар үшін де жеңілдік барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құнының 1000 еселенген АЕК (2021 жылға 2 917 000 теңге) мөлшерінде қарастырылған.

Сонымен қатар мүгедектігі барлар мүлік салығынан босатылады, егер оларда мыналар болса:

  • тұрғын үй ғимараты және оған бекітілген құрылыстары бар жер учаскесі;

  • іргелес жер;

  • жеке шаруашылық (қосалқы) шаруашылығы, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскесі, оның ішінде ғимараттар алып жатқан жер;

  • гараждар алып жатқан жер.

Аталған мүлік барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құнының 1500 еселенген АЕК (2021 жылға 4 375 500 теңге) мөлшерінде салық төлеуден босатылған.

Салықты қалай төлейді? 

Салықты төлем терминалдары, екінші деңгейлі банктердің онлайн қосымшасы арқылы, E-Salyq Azamat мобильді қосымшасында (AppStore және PlayMarket-те бар) төлеуге болады.

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8405 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Б
Бауыржан 13.09.2022
Мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарды салықтан неге босатпайды
Жауап беру
С
Сауле 13.09.2022
Тургын үй
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл