| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігі санитарлық нормаларды ескере отырып, I, II, III топтағы мүгедектерді, жеке көмекшілерді, мүгедек балалары бар ата-аналарды цифрлық сауаттылық бойынша тегін окыту курстарына шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік корғау баскармасының көмегімен курстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтеді.
Сабақтар осы жылдың 4 мамырынан 30 қарашасына дейін төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:
1. Негізі компьютерді пайдалану;
2. EGOV электрондық үкімет порталын оқыту;
3.Әлеуметтік қызметтер порталы;
4. ZOOM;
5. WhatsApp пайдалану;
6. Банк қосымшалары;
7. ЭЦҚ кілтін алу.
Айта кету керек, курстар санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Курсқа жазылу үшін 8-701-212-09-55; 8-775-545-15-39; 8-747-455-44-95 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
                                                                    
                                                                    Тағы көру