| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                АҚШ-тың энергетика министрлігі мұнай қоры туралы статистиканы жариялаған соң қара алтын бағасы шамамен 4,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды РИА Новости/Прайм.
Сауда кезінде Brent 4,46%-ға арзандады. Бағасы барреліне 40,73 доллар. Ал WTI мұнайына тамыз айындағы фьючерстер 4,63%-ға төмен. Құны барреліне 38,5 доллар. Бұған дейін бағалар 1-1,5 пайызға төмендеген болатын.
АҚШ-тың энергетика министрлігіні ақпаратына сәйкес, елде мұнай қоры 540,7 миллион баррельге өскен. Тарихи рекорд үшінші рет жаңартылды. Сарапшылардың болжамынан асып түсті.
Бұдан бөлек, АҚШ-та мұнай өндірісі 11 аптада алғаш рет 500 мың баррельге өсіп, 11 миллионға жетті.