Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысында мұнай-газ саласындағы қаржы жымқыру ісі бойынша кінәлілерге сот үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өткен жылы прокуратура мұнай-газ кәсіпорындарында тексеру жүргізіп, "West Oil Software" ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласында заңбұзушылықтарды анықтаған. Нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу басталып, негізгі басшылық қызметтегі үш адам ұсталды.
Сот шешімімен барлық айыпталушылар кінәлі деп танылды. Кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық істі қарау барысында сотталғандар мемлекетке 261 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтеді.