| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Мырзағали Айтжанов бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері болды. Ол өз еркімен қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановтың орнына тағайындалды.
Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама командасын 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Осы кезде Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады.
Ол бас бапкер болған жылдары Қазақстан боксшылары әлем чемпионаттарында 5 алтын медаль (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) жеңіп алған.⠀
Мырзағали Айтжанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.