Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Наурыздағы негізгі өзгерістер: референдум, заң талаптары және жаңа мүмкіндіктер
Жаңалықтар

Наурыздағы негізгі өзгерістер: референдум, заң талаптары және жаңа мүмкіндіктер

01.03.2026
мин
0
59
Сурет: ЖИ/Dauletten.kz

Биыл наурыз айында Қазақстанда бірқатар маңызды өзгеріс күшіне енеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Айдың басты оқиғасы – 15 наурызға жоспарланған Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдум. Азаматтарға елдің негізгі заңына ұсынылған өзгерістерді қолдау немесе қолдамау мүмкіндігі беріледі. Сарапшылар бұл қадамды мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды кезең деп бағалап отыр.

Салық саласына да өзгеріс енгізілді. Жеке кәсіпкерлер жеңілдетілген режимде қалу үшін салық органдарына алдын ала хабарлама жіберуі тиіс. Әйтпесе олар автоматты түрде жалпыға бірдей тәртіпке көшіріледі.

1 наурыздан бастап медицина қызметкерлеріне күш көрсету немесе қоқан-лоқы жасау үшін жаза күшейеді. Заңнамаға сәйкес, ауыр зардаптарға әкелген әрекеттер үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ енді әкімдіктер қоғамдық орындарды ластағандар мен абаттандыру ережесін бұзғандарға хаттама толтырып, айыппұл сала алады. Бұған дейін бұл міндет тек полицияға жүктелген еді.

Қаржы секторында да жаңалық бар: екінші деңгейлі банктер тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламалары арқылы қаражат тартуға мүмкіндік алды. Сарапшылар бұл бастама ипотекалық өнімдердің қолжетімділігін арттыруы мүмкін екенін айтады.

Көлік саласында Алматыда электр скутерлерін пайдалануға қатысты талаптар күшейтіледі. Ал айдың соңында Алматы мен Шанхай арасында жаңа әуе рейсі іске қосылады.

Оқушылар үшін көктемгі демалыс 19-29 наурыз аралығында өтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл