| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Наурыз айында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 117 мың талапкер қатысып, олардың кейбіреуі ережені бұзғаны үшін шеттетілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тестке қатысушылардың 71,6 %-ы қазақ тілінде, 28,3 %-ы орыс тілінде, ал 111 адам ағылшын тілінде сынақ тапсырды. Жалпы қатысушылардың 67,11 %-ы шекті балл жинаған.
Арнайы білім қажеттіліктері бар 283 талапкер де тестілеуге қатысты.
Тестілеу барысында 179 ереже бұзушылық анықталды: 97 адам тыйым салынған зат алып кірмек болғаны үшін, 82 адам тестілеу ережесін бұзғаны үшін шеттетілді.
Білім басқармасы барлық сынақтың заңға сай және бақылауда өткенін хабарлады.