| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәскеудегі Garage заманауи өнер музейі қазақстандық суретші Ербосын Мелдібековтің резонанс тудырған «Құлаған мүсін» атты еңбегін өз қорына енгізді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Автор бұл инсталляция арқылы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда құлатылған ескерткіштің көрінісін бейнелеген. Композиция бес элементтен тұрады және мүсіннің құлау сәтін кадрлап көрсетеді.
Туынды 2024 жылы Алматыдағы «Целинный» орталығында көрсетілген, алайда пікірталасқа себеп болғаннан кейін суретші мен куратор орталықпен серіктестігін тоқтатқан.
Музей туындының нақты құнын жарияламады, бірақ ақпарат көздері оны бірнеше мың доллар шамасында бағаланғанын айтады.