Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанадағы Назарбаев университетінің 22 жастағы студенті жатақхананың 12-қабатынан құлап көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайғылы оқиға 15 тамызда болғанымен, ақпарат бүгін белгілі болды.
Университет баспасөз қызметі оқиғаны растады. Марқұмның жақындарына көңіл айтылып, студенттерге психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.
Астана полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қайғылы жағдайдың нақты себебі анықталу үстінде.
Айта кетейік, маусым айында дәл осы университеттің жатақханасында 24 жастағы студент өлі табылған болатын. Ал шілдеде ҚазҰУ-дың бір студенті ректорат ғимаратының 14-қабатынан секіріп кеткен еді.