Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Назарбаевтың серіктесі Сергей Кулагиннің меншігіндегі кәсіптер мен даулы оқиғалар
Жаңалықтар

Назарбаевтың серіктесі Сергей Кулагиннің меншігіндегі кәсіптер мен даулы оқиғалар

30.06.2025
1 мин
0
171
Сурет: коллаж Dauletten.kz

Сергей Кулагин – белгілі мемлекет қайраткері, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ең жақын серіктестердің бірі. Саясаттан кеткен соң агробизнесте табысқа жетіп, мультимиллионерге айналған, - деп мәлімдейді Dauletten.kz.

Саяси мансап пен даулар

Кулагиннің мансабындағы бетбұрыс 1993 жылы басталды – сол кезде ол премьер-министр Сергей Терещенконың орынбасары болып тағайындалды. Кейін ауыл шаруашылығы министрі, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімі қызметтерін атқарды. Бұл кезеңдерде оның аты түрлі дау-дамайлармен қатар жүрді.

2008 жылы Қостанайлық тұрғын Мұқаш Шонов әкімді пара алды деп айыптап, оны дәлелдейтін хатты Президент пен Бас прокурорға жолдайтынын айтып, ақша талап еткен. Кейін Шонов бопсалау айыбымен түрмеге қамалды, ал хат поштада тәркіленді. Бұдан кейін де Кулагиннің айналасындағы тұлғалар парақорлықпен ұсталып, сотталған жағдайлар болды.

2016 жылы Кулагин отбасының меншігінде 80 мың гектар жер барын ашық мойындады. Бұл мәлімдеме қоғамда қызу пікірталас туғызды. Ақыры 2017 жылы әкім қызметінен босатылды.

Кулагинге тиесілі бизнес-империя

Ашық дереккөздер мен Adata.kz сервисінің мәліметінше, Сергей Кулагин Ақмола облысындағы бірнеше компанияның иесі:

  • “Интеграция-Целина” ЖШС – көлік жалға беру, құрылтайшылары – Сергей және Галина Кулагиндер. Бұрынғы бенефициары – Сергей Терещенко.
  • “ИНТЕГРОИНВЕСТ” ЖШС – жылжымайтын мүлікпен айналысады, салық төлемі 837 млн теңге. Құрылтайшысы – Кулагин.
  • “Аскоп” ЖШС – ауыл шаруашылығымен айналысады, салық төлемі – 5 млрд теңге.
  • “Аскоп-Сервис” ЖШС – ауылшаруашылық техникасына қызмет көрсетеді, құрылтайшылары – Кулагиндер отбасы.
  • “Гала-2009” ЖШС, “Знаменка-2010” ЖШС – бұршақ дақылдарын өсіреді.

2015 жылы Галина Кулагина ашқан “Галафуд” ЖШС және басқа да мейрамхана бизнесіне қатысты кәсіпорындар да бар. Кейін олар басқа тұлғаларға рәсімделген.

Павел Кулагиннің жолы

Сергей Кулагиннің ұлы Павел де біраз уақыт мемлекеттік қызметте болды. 2013 жылы небәрі 26 жасында Астана қаласындағы аудан әкімінің орынтағына отырды. Бұл шешім «непотизм» туралы пікірлерге себеп болды. Кейін кәсіпкерлікке бет бұрып, бірнеше табысты бизнеске иелік етті:

  • “Макинский элеватор” ЖШС, “Вишневская нефтебаза” ЖШС, “Мониторинг плюс” ЖШС – ірі салық төлеуші кәсіпорындар.
  • Сонымен қатар “Leto Almaty 2024”, “Аскоп-Сервис”, “LAPSHA ALMATY” және “Аркада Индастри” компанияларының құрылтайшысы.

Даулы жер телімдері мен соттар

2022 жылдан бастап Кулагиннің меншігіндегі бірқатар жер телімдері сот шешімімен қайтарылды. Оның ішінде 4362 гектар жер және Бурабайдағы даулы учаскелер бар. Қазіргі уақытта бұл істер бойынша сот процестері жалғасуда.

Ғылыми қызметі мен жеке өмірі

Көпшілік біле бермейтін факт – Сергей Кулагин саяси ғылымдар кандидаты және «Уәде етілген жер» атты кітаптың авторы. Қазір ол жұбайымен бірге Қазақстанда тұрады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл