| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырған 9 адамға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл ұйым өздерін зергерлік бұйымдармен айналысатын компания ретінде таныстырып, салымшыларға ай сайын 20–40 пайыз көлемінде табыс табуды уәде еткен. Алайда түскен қаражат алтынға емес, ұйымдастырушылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.
“Алтынға инвестиция саламыз” деген уәделерге сенген 4 мыңнан астам адам қаржысынан айырылған. Жиналған қаражат қымбат көліктер мен жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сән-салтанатқа жұмсалғаны анықталды.
Сот үкімімен айыпталушылар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Тәркіленген мүліктің ішінде:
— 402 млн теңге;
— 52 автокөлік;
— 2 пәтер;
— жеке үй;
— және 17 келі зергерлік бұйым бар.

                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            