Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Некелері ресми түрде тіркелмеген: Бишімбавқа қатысты сот отырысы басталды
Жаңалықтар

Некелері ресми түрде тіркелмеген: Бишімбавқа қатысты сот отырысы басталды

11.03.2024
1 мин
0
679
Фото: sputnik.kz

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сот залына журналистерді кіргізбеді. БАҚ өкілдері үшін хабар тарататын арнайы монитор ұйымдастырылды.

Прокурор іске қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Оның сөзінше:

  • Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген.
  • Бишімбаев әйелінің барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, қаржылай өзіне тәуелді еткен.
  • Қызғаныштан жүйелі түрде физикалық күш қолданған.
  • 2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан. Салтанат Нүкенова ағасына бұл туралы айтқан. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ ол көнбеген.
  • 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге үгіттейді. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келіскен. Алайда ол оған физикалық күш көрсетуді жалғастыра берген.

Сотқа келген Нүкенованың басқа бөлмедегі туыстары шу шығарып жатқаны мәлім. Cот тыныштық сақтауды сұрады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл