Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал тобындағы талапкерлерге оқу ақысы төленеді
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал тобындағы талапкерлерге оқу ақысы төленеді

03.08.2022
1 мин
15
3792

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында қаладағы жоғары оқу орындарына түсетін халықтың әлеуметтік осал топтарындағы талапкерлердің білім алуына әлеуметтік көмек қарастырылғанын айтты.

Әкімнің айтуынша, әкімдік жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1300-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отыр. Одан бөлек әлеуметтік көмек бойынша жеке бағдарлама қарастырылған.

Аталған әлеуметтік көмек жағдайы төмен отбасылардан шыққан талапкерлердің қала университеттерінде білім алуы үшін оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетеміз, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Бұл бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау 21 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады. 

Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек мына талапкерлер арасында беріледі:

  • жетім балалар, 

  • балалар үйінің түлектері, 

  • бала күнінен мүгедектігі бар, 

  • көпбалалы отбасылардан шыққан балалар және тағы басқа.

Білім алу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі: 

  • биотехнология, 

  • есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 

  • геодезия және картография (web-картография), 

  • сәулет (BIM-менеджер жобалаушы), 

  • мектепке дейінгі оқыту, 

  • жерге орналастыру-агроинженерия, 

  • инженер, 

  • жалпы медицина, 

  • педагогика, 

  • IT маманы, 

  • әлеуметтік жұмыс, 

  • жылу энергетикасы, 

  • азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 

  • электр энергетикасы және тағы басқа.

Қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек алу үшін қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (Бейбітшілік көшесі, 9) хабарласу керек немесе құжаттарды электронды түрде https://egov.kz веб-порталындағы «электрондық өтініш» бөлімі арқылы тапсыру қажет.

Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесі үшін 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен (190 088 теңге) аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде ақшалай төлем түрінде тағайындалады. Толық ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан оқуға болады.

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1158 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
15 Пікір
А
Айзада 09.08.2022
Саламатсыздарма мен күміс алқа иесімін 7 балам бар мен үйде отырам жұмыс жасамаймын ең кенжесі 2де жолдасым ғана жұмыс жасайды үлкенім қыз бала әлі он сегізге толған жоқ студент бизге қандай жеңілдіктер бар
Жауап беру
А
Айзада 09.08.2022
Саламатсыздарма мен күміс алқа иесімін 7 балам бар мен үйде отырам жұмыс жасамаймын ең кенжесі 2де жолдасым ғана жұмыс жасайды үлкенім қыз бала әлі он сегізге толған жоқ студент бизге қандай жеңілдіктер бар
Жауап беру
А
Айзада 09.08.2022
Саламатсыздарма мен күміс алқа иесімін 7 балам бар мен үйде отырам жұмыс жасамаймын ең кенжесі 2де жолдасым ғана жұмыс жасайды үлкенім қыз бала әлі он сегізге толған жоқ студент бизге қандай жеңілдіктер бар
Жауап беру
А
Асем 12.10.2022
Сізге осы бағдарлама бойынша балаңызды тегін оқытуға болады, мен тура сіз секілді күміс алқа иесімін, баламды оқып жатыр, осы әкімдіктің көмегімен
Жауап беру
А
Айзада 09.08.2022
Саламатсыздарма мен күміс алқа иесімін 7 балам бар мен үйде отырам жұмыс жасамаймын ең кенжесі 2де жолдасым ғана жұмыс жасайды үлкенім қыз бала әлі он сегізге толған жоқ студент бизге қандай жеңілдіктер бар
Жауап беру
С
Сара 09.08.2022
Менің төрт балам бар жұмыс жасамаймын, баламен үйде отырамын , жолдасым ғана жұмыс жасайды, үлкен ұлымды оқытуға жылына 280 000тг көмек барма ?
Жауап беру
Л
Лаззат 06.08.2022
Мнн шымкент қаласынанмын куміс алқа иесімін мен шағын жерде жекменшік 80 мыңға жумыс жасаимын жолдасым разнаробочи жекеменшік улкен балам 100 мың табады біреу студент екалғаны маида .енді 10 бітірген қызымды коледжге тусіре аламынба.шымкентте ондаи жеңілдіктер жоккои
Жауап беру
Е
Ельмира 06.08.2022
Мен асыраушысынан айырылған анамын бизге женилдик барма
Жауап беру
А
Ақмарал 05.08.2022
Сәлеметсіз бе. Ал көп балалы анаға ше? 4 балам бар.
Жауап беру
Р
Рита 04.08.2022
Сәлеметсіз бе! Колледже оқығандары жеңілдіктер барма төрт баламен, әкесі кайтыс болған.
Жауап беру
М
МАРАЛ 04.08.2022
АСЫРАУШЫСЫНАН АЙРЫЛҒАН ОТБАСЫНА НЕГЕ КӨМЕК БЕРІЛМЕЙДІ,ОҚУ АҚЫСЫНА,ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАДА ОСЫЛАЙ,ТІПТІ ПЕД.КОЛЕЖДЕ ӘКЕСІ ӨЛГЕНІНЕ ҮШ ЖЫЛ ӨТУ КЕРЕК ДЕП ҚАБЫЛДАМАДЫ ,ҚАЙТЫС БОЛҒАН КУӘЛІКТІ
Жауап беру
А
Актолкын 03.08.2022
Басқа қалаларда ше?
Жауап беру
А
Айгерім 03.08.2022
Асыраушысынан айрылған отбасының балалары неге қосылмайды.? Ата анасының біреуі қайтыс болған балалар ше? Оларға мүмкіндіктер мен көмек жоқ па?
Жауап беру
Ш
Шахло 02.08.2022
Өтінішты сайтта қалай тастауға болады
Жауап беру
03.08.2022
Мен көмектесе аламын өтінішті сайтқа жіберуге. Хабарласыңыз: 87772595603
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл