Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда пәтер кезегінде тұрған адамдар арендалық үйге өтінім бере алады
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда пәтер кезегінде тұрған адамдар арендалық үйге өтінім бере алады

15.06.2022
1 мин
16
3796

Нұр-Сұлтанның тұрғын үй орталығы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған сатып алуға болмайтын жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдайды.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мына санаттар жатады:

- ҰОС ардагерлері

- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері 

- 1 және 2 топтағы мүгедектер

- мүгедек баласы бар отбасылар 

- кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен ауыратын адамдар

- жасына байланысты зейнеткерлер 

- жетім балалар

- қандас 

- экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар

- қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары 

- толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны - 117. 

Оның ішінде жетім балаларға - 35:

- 9 бір бөлмелі пәтер

- 19 екі бөлмелі пәтер 

- 7 үш бөлмелі пәтер.

Халықтың қалған әлеуметтік осал топтары үшін:

- 20 бір бөлмелі пәтер

- 46 екі бөлмелі пәтер 

- 16 үш бөлмелі пәтер.

Сонымен бірге көпбалалы отбасыларға 124 пәтер қаралған, оның ішінде:

- 18 төрт бөлмелі пәтерлер;
- 106 үш бөлмелі пәтерлер;

Баспана түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Үйдің мекенжайы: ЖК «Ақерке»; Е-509 көшесі, 7 үй; Тілендиев даңғылы, 44а үй; Шақаұлы көшесі, 7 үй.

Ай сайынғы жалдау ақысы: 7 000 - 22 000 теңгеге дейін.

Құжат қабылдау 18 маусым сағат 9:00-де басталып, 24 маусым сағат 23:59-да аяқталады. 

Құжаттар тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады. 

Өтінім берген адам халықтың әлеуметтік осал тобы немесе жетім бала санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұруы тиіс.

«Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі. Өтінімді 2006-2022 жылдары кезекке тұрғандар бере алады, алайда олардың арасында 2009-2010 жылдарда кезекке тұрғандардың мүмкіндігі көбірек» дейді басқармадан.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
16 Пікір
ж
жадыра 09.07.2022
осы программа алматыда кашан болады? кв издеп толеп шаршадым бари кымбаттап барад бул турмизбен акша жиналмайдыгой мен жалгызбасты анамын кызым 3жаста кайда тартсанда бари жетпид
Жауап беру
Н
Нұрбақыт 29.06.2022
Күйеуім өмірлікке өтіп кеткенше көзден оларға болмайма
Жауап беру
А
АЙДАНА 18.06.2022
неге тек НҰСҰЛТАН ҚАЛАСЫНАН
Жауап беру
Р
Рысбек Бахытгул 17.06.2022
Қалай беруге болады
Жауап беру
Р
Рахима 16.06.2022
Бакытты отбасына мен арендалык жильегада Тапсырдым болама
Жауап беру
У
Улданай 16.06.2022
Шымкент каласында кашан беріледі?
Жауап беру
Ж
Жанар 16.06.2022
Жалдамалы патер неше жылга бериледи?
Жауап беру
Ж
Жанар 16.06.2022
Казакстан азаматы бола тура 3 жылдык прописка неге сурайды
Жауап беру
Н
Нұрым 16.06.2022
Кезек мүлдем жылжымайды осыдан үш жыл бұрын 780ші кезекте болған едік әлі сол орында тұрмыз неге екен кім біледі? Қарағанды қаласы
Жауап беру
Ш
Шаха 15.06.2022
Алматыгаше
Жауап беру
М
Мурат 15.06.2022
Бар жогы 117 квартира, калгандары нестид....
Жауап беру
Е
Елжан 15.06.2022
Үкіметікіне сенім жоқ, 10 жыл кезекте тұрып, уәде беріп, ақыры өз адамдарын тықты.
Жауап беру
А
Арай 15.06.2022
Алматы ше
Жауап беру
А
Айкүміс 15.06.2022
Алматыда қашан болады?
Жауап беру
Ж
Жазира 15.06.2022
Алматыда кашан болады
Жауап беру
М
Ммм 15.06.2022
Толык емес отбасы ретинде уйде кезекке турмын. Буйырса екен маган. Кишкентай баламмен кошип шаршадык, патер акысында котерип жиберды. Асыга кутемиз.....
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл