Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында пәтер ойнату уақыты ұзартылды
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында пәтер ойнату уақыты ұзартылды

01.09.2021
1 мин
3
997

Елордада вакцина салдырғандар арасында өтетін екі бөлмелі пәтер ұтысының уақыты ұзарды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйекті есептегенде) Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындардың екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар.

Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйі. Ұтысқа қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Ол үшін арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Елорда әкімдігі апта сайын вакцина салдырғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп келді. Нәтижесінде 19 iPhone телефоны, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, "Алиса" ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш ойнатылды.

Сонымен қатар вакцина салдырғандар арасында бағалы заттарды сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері де өткізеді.

Мысалы "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауық орталығының вакцинация пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар автокөлік ойнатылады.

Бұған дейін Маңғыстау облысының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, пәтер ұтып алды. 27 жастағы Қайрат Қосаевқа Ақтау қаласынан жаңадан салынған үйден екі бөлмелі пәтер берілді.

 

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Г
Гүлбақыт 02.09.2021
Мынандай сыйдан кейін қалай вакцина салдырасың. Денсаулық үшін емес, дүние үшін сияқты. Халық денсаулығын нақты жаны ашып ойлаған үкімет, мұндай заңсвз тірлікке жол бермес еді. Құдды бір сынақ жүргізіп жатқандай сезіледі. Вакцина салдырғандарда ауырып келмеске кетіп жатыр, салдырмағандарда солай. Оны қалай түсінуге болады.
Жауап беру
Ж
Жанибек 01.09.2021
Ваксина салдырыныздар ешкандаи зияны жок
Жауап беру
Н
Нуржамал 01.09.2021
Анау ұтты, мынау ұтты дид, кім ұтып жатқаны белгісіз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл