| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Сот барысында 29 жастағы айыпталушы Шерхан Аймахан жауап беріп, марқұммен 2025 жылдың жазынан бері қарым-қатынаста болғанын айтты. Оның сөзінше, осы уақыт аралығында Нұрайға қаржылай қолдау көрсетіп, түрлі сыйлықтар жасаған. Сондай-ақ 2025 жылдың қазан айында екеуі үйленуге уағдаласқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Айыпталушының айтуынша, 11 қаңтар күні ол Нұраймен кездесіп, қарым-қатынасты тоқтататынын айтып, бұрын сыйлаған сақинаны қайтарып алмақ болған. Осы кезде қыз ашуланып, сақинаны көшеге лақтырып жіберген. Кейін екеуінің арасында жанжал туындап, Нұрай оның кеуде тұсына соққы жасап, ауыр сөздер айтқанын жеткізді.
Шерхан Аймаханның мәлімдеуінше, сол сәтте қалтасында шағын пышақ барын есіне түсіріп, оны Нұрайға ұстатып: «Ұрғанша, пышақтай сал» деген. Оның сөзінше, қыз пышақты алып, оң жақ бүйіріне сұққан. Осы оқиғадан кейін не болғанын есіне түсіре алмайтынын айтты.
Сотта айыпталушы Нұрайдың туыстары олардың қарым-қатынасы туралы хабардар болғанын әрі кездесулеріне қарсы болмағанын да мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңынан бойжеткеннің мәйіті табылған болатын. Тергеу деректеріне сәйкес, оған 36 рет пышақ жарақаты салынған.