474.08
558.28
6.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұрбанк баспана алуға жеңілдетілген ипотека енгізуі мүмкін
Жаңалықтар

Нұрбанк баспана алуға жеңілдетілген ипотека енгізуі мүмкін

15.04.2026
мин
0
109
Сурет: Forbes.kz

Нұрбанк 2026 жылы тұрғын үй жинақ депозиті бағытын іске қосып, ипотекалық өнімдер әзірлеуді қарастыруда, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Finratings.kz мәліметінше, қаржы ұйымы қазіргі уақытта жаңа жобаны әзірлеудің бастапқы кезеңінде тұр. Яғни тұрғын үй жинақ шоттарының шарттары мен негізгі ережелері пысықталып, өнімнің нарықтағы тиімділігі бағалануда.

Банк бұл бағытта нарықтағы бәсекелестікті де ескеріп отыр. Әсіресе мемлекеттен 20% көлемінде сыйақы берілетін жалғыз банк саналатын «Отбасы банкімен» бәсекелестікке ерекше назар аударылуда. Осыған байланысты Нұрбанк клиент тартудың балама және тиімді тетіктерін қарастыруда.

- Алдын ала тұрғын үй жинақ депозиті бойынша мөлшерлемені “Отбасы банкімен” салыстырғанда жоғары ету мүмкіндігі қарастырылып жатыр, – делінген банк өкілдерінің түсініктемесінде.

Сонымен қатар қаржы ұйымы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй депозиттерін толықтыруға пайдалану тетігін енгізу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Мұндай механизм нарықта бұрыннан бар, алайда банк оны өз өнімдеріне бейімдеп енгізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Freedom Bank серіктес ұйыммен бірге жаңа тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға 5–10% мөлшерлемемен ипотека ұсынатыны хабарланған еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл