Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұрлан Мүслім: «Қайырымдылық - жүрекпен жасалатын игі іс»
Маман пікірі

Нұрлан Мүслім: «Қайырымдылық - жүрекпен жасалатын игі іс»

16.10.2023
1 мин
1
2171

Бүгін Dauletten.kz Астана қаласы мәслихаты VIII сайланымының депутаты, құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Нұрлан Мүсіліммен сұхбаттасты.

Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз.

Мен Астана қаласының тумасымын, яғни бұрынғы Целиноград қаласында туып өстім. Мектеп және университет қабырғасын осы елордамызда тәмәмдадым. Мемлекеттік қызметкер болып жұмыс жасадым. Қазіргі таңда көпбалалы әкемін. Отбасы мен жұмыс бабын қатар алып жүру оңай емес. Бірақ балалардың күнделікті өміріне атсалысамын. Уақыт жетпейтіні рас, шама келгенше уақыт бөліп, өнегелі тәрбие беруге тырысамыз. Бес балам мектепте оқиды, ал үлкен ұлым 24 – ке толды, мемлекеттік салада қызмет атқарады. Кішкентайым балабақшаға барады.

Атқарылып жатқан жұмыстар реті қандай?

Бірнеше жыл бұрын біраз мектеп, балабақша соғылды. Қазіргі таңда тек оқу орындарымен шектелмей, тұрғын үй салумен айналысып жатырмыз. Себебі, менің ойымша құрылыс нарығы қарқынды дамып келеді, экономиканың өсуімен, мемлекеттің дамуымен құрылыс бизнесі алға қарай жылжуда. Жалпы құрылыс саласы бүгінгі күні біздің экономикамыздың мықты драйверлерінің бірі. Себебі бұл сала дизайнерлерді, жиһазшылар мен декораторлар секілді маман иелерін бір ортаға шоғырландырады. Құрылыс секторы қала бюджетін қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі. Қазіргі таңда тұрғын үйдің бағасы өз құның жоғалтқан емес. Өкінішке орай, халықтың  көпшілігінде жеке баспана жоқ. Бұл негізгі өткір мәселенің бірі. Әрине біздің азаматтарымыздың жеке баспана сатып алуға мүмкіндігі болғанын қалаймын. Әр шаңырақта балалар ер жетіп, отбасылық құндылықтар дамып, әрбір зейнетке шығатын ата мен әже қарттықты уайымсыз қарсы алуы керек. Біз қолдан келгенше өз үлесімізді, көмегімізді аямауға тырысамыз. Қала тұрғындарын жайлы да сапалы баспанамен қамтамасыз ету біздің басты мақсатымыз. Қазіргі таңда бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде, осы жылы біздің округ бойынша 3 орта мектеп ашылады, ал келесі жылы 4 немесе 5 мектеп ашу жоспарда бар. Және қала ішіндегі қоғамдық көліктерге қосымша екі автобус бағытын қосып, тұрғын үйлердің жанына қосымша аялдамалар орнаттық. Астананың климатымен жарты шақырым жерді жүріп өту оңай емес. Енді үйдің жанынан аялдамаға шығу мүмкіндігін жасадық. Біз үшін ол үлкен жетістік деп санаймын.

Қайырымдылықпен айналысады екенсіз...

Қайырымдылықпен айналысу мен үшін жүректен жасалатын игі іс. Жақында ауданымызға қарасты «7 бочек» тұрғын үй кешенінде өрт сөндіру оқуларын өткізу барысында МИБ төрайымы мені бір тұрғынмен таныстырып, оның екі жылдан астам бойы жертөледе тұрып жатқанын айтты. Мен бірден бұл мәселені өз бақылауыма алып, оның тұрмыс жағдайын өзгертуге өз көмегімді бердім. Бұл отбасы үшін жақсы ауданнан пәтер жалдадық. Алдағы бір жылдың ішінде үй мәселесін шешеміз деп ойлаймын. Бірақ жертөлеге қайтып бармайтыны анық. Бұл әрекетімді ерлік деп санамаймын. Көмек беруге мүмкіндігі бар әрбір жан қол ұшын созуы керек. Жақсылық істесең, Алладан қайтады демекші қолда бармен бөлісу керекпіз.

Халықпен кері байланысыңыз қандай?

Біз тұрғындармен әрдайым байланыстамыз. Халық үшін ашықпыз. Күнделікті бізге қоңырау шалып, хаттар жіберіп жатады. Аптасына бір күн азаматтарды қабылдаймыз. Әр проблеманы нәтижеге жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Жасалған жұмыс нәтижесімен әлеуметтік желілерде есеп береміз. Әлеуметтік желіде отырмаймын, бірақ депутат ретінде парақша аштық. 30 – 40 пайыз сұрақ инстаграмм арқылы келіп түседі. Мен 5 айға жуық депутаттық қызметтемін. Аталған уақыт аралығында біраз жобалар жүзеге асырылып, нәтиже беріп жатыр. Егер тым болмағанда 10-20 шақты адамға көмектессек біздің жұмысымыздың жемісі деп білемін. Округымыз бойынша тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, оларды бақытты етсек миссиямыз орынадалады деп есептеймін.  

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
1 Пікір
E
Elizabeth 03.12.2023
МЕН АДЕОЛА ЕРІТКЕН ОРТАЛЫҒЫНАН СҮТ ҮШЕГІ РАГЫНЫҢ ЕМІН ҚАЛАЙ АЛДЫМ. Мен оның жақсы жұмысы және оның көптеген аурулар мен инфекцияларды қалай емдегені туралы оқығанда, мен доктор Адеола шөп дәрілеріне тапсырыс бердім. Мен шөптен жасалған дәріге тапсырыс бермес бұрын, мен шөптен жасалған дәріге күмәндандым, өйткені шөптен жасалған дәрігер ретінде өзін көрсететін алаяқтар көп болды, бірақ менің жолым болды. Шөптен жасалған дәріні ішкеннен кейін емделдім. Дәрігер Адеола простата обыры, шешек, лейкемия, анемия, ВИЧ/СПИД, герпес вирусы, миома, инсульт, А В С гепатиті және т.б. сияқты көптеген аурулар мен инфекцияларды емдей алады. қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: adeolasolutioncentre@gmail.com
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл