465.01
543.55
6.15
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
мин
0
65
Сурет: Үкімет

Қызылорда облысын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке ауысып, Үкімет басшысының бірінші орынбасары лауазымына кірісті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда кадрлық өзгерістер жалғасуда. Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Нәлібаев 2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келген. Оның басшылығы кезінде өңірде бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.

Ресми деректерге сәйкес, ол 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді маман Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті мен Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990-жылдардың соңында мұнай саласында бастап, сарапшы ретінде қызмет атқарған. Кейін әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда жауапты қызметтерде болып, басқару тәжірибесін жинақтады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл