Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өңірлерге бюджет бөлу қалай жүреді: Министр жауап берді
Жаңалықтар

Өңірлерге бюджет бөлу қалай жүреді: Министр жауап берді

22.06.2023
5 мин
0
358
фото: shounen.ru

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс депутаты Абзал Темірғалиұлының бюджетті әділ бөлуге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министр жауабына сенсек, бюджетті өңірлерге бөлу заңдылығы, сол бюджетті тұтынушы өңірдің халық санына тікелей байланысты.

«Қолданыстағы жүйеге сəйкес, бюджетаралық қатынастар жалпы сипаттағы трансферттермен (бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлар), нысаналы трансферттермен (нысаналы ағымдағы трансферттер мен даму трансферттері) жəне кредиттермен реттеледі.

Бюджетаралық қатынастар жүйесінде өңірлік айырмашылықтар сақталуда. Мемлекет басшысының мақұлдауымен бюджетаралық қатынастарды реформалау екі кезеңде (2023 жылдан бастап бірінші кезең, 2024 жылдан бастап екінші кезең) жүргізілуде. Осыған байланысты, 2023-2025 жылдарға арналған ЖСТ есептеу кезінде «базалық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджетаралық қатынастардың негіз қалаушы қағидатын іске асыру үшін өңірлік ерекшелікті ескере отырып, жергілікті бюджеттердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру бойынша тəсілдер қолданылды (жаңартылған салалық көрсеткіштер қолданылды). Осылайша, ЖСТ есептеу əдістемесі барлық өңірлерге бірыңғай тəсілді болжайды, яғни есептеу өңірдегі бюджеттік қызмет алушы халықтың санына қарай жүргізіледі.

Сондықтан, егер облыстар арасында субвенция көлемінде айтарлықтай айырмашылықтар болса, онда бұл, біріншіден, облыстардағы аудандар, қалалар мен халық санының айырмашылығымен, екіншіден, салық салынатын кіріс базасындағы айырмашылықтармен түсіндіріледі. Мысалы, жаңадан құрылған Ұлытау облысына 2 аудан жəне 3 қала ғана берілді, облыс халқы 226 мың адамды құрайды, ал Түркістан облысында 2023 жылға халық саны 2 млн 189 мың адамды құрайды деп болжануда, облыс құрамында 13 аудан жəне 836 елді мекен бар. Қазіргі уақытта өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар жобалық-сметалық құжаттамасы бар өтінімдер негізінде қаржыландырылады. Яғни, инфрақұрылым тиісті құжаттармен өтінімдер дайын болған жерде қаржыландырылады.

Халықтың базалық игіліктер мен қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ең төменгі базалық нормативтерді (желілерді) белгілеу және бюджетті жоспарлау мен орындау кезінде оларды заңнамалық бекіту пысықталуда. Осыған байланысты, ЖСТ шеңберінде базалық инфрақұрылымды жоспарлауды жергілікті деңгейге беру жоспарлануда. Тиісті есептеулер салалық министрліктер мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп әзірлейтін салалық әдістемелерге негізделетін болады. Қазіргі уақытта, ҰЭМ салалық министрліктермен бірлесіп, əлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көліктік жəне өзге де инфрақұрылымдағы базалық нормативтер (желілер) саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, бюджет қаражатын қалыптастыруды жəне пайдалануды нормативтік қамтамасыз етуге талдау жəне тексеру жүргізуде. Мұндай тəсіл өңірлер арасындағы базалық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етудегі бар теңгерімсіздіктерді теңестіруге мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Тұтастай алғанда, урбандалу деңгейінің жеткіліксіздігі, Астана жəне Алматы қалаларынан басқа өңірлер экономикасының шикізаттық бейіні, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің төмендігі, тартылатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіздігі, экономиканың жекелеген секторларының дамымауы (өңдеу өнеркəсібі, ішкі туризм жəне басқалар) өңірлер бөлінісінде халық кірісіндегі тұрақты сəйкессіздікке алып келетінін атап өту қажет.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл