| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тұрғындарды заңсыз онлайн-құмар ойындарға тартты деген күдікке ілінген азамат Грузиядан Қазақстанға қайтарылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметінше, ойындарды ұйымдастыру үшін мыңнан астам ойын түрін ұсынатын «bingo37.pro» платформасы қолданылған. Аталған сервисте «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» секілді кең таралған ойындар да болған.
Қатысушыларды тарту жұмыстары Telegram және WhatsApp арқылы жүргізілген. Мессенджерлерде жарнамалық хабарламалар, фото-бейнематериалдар, түрлі акциялар мен бонустар туралы ақпараттар таратылып, қолданушыларға тез әрі оңай табыс табуға болатындай әсер қалыптастырылған. Қаражат аударғаннан кейін ойыншыларға жүйеге кіруге арналған логин мен құпиясөз беріліп отырған.
Қаржы операцияларын жүзеге асыру және ақша ізін жасыру үшін күдікті Грузия мен Тәжікстан азаматтарын тартқан. Олар Қазақстанға арнайы келіп, өз аттарына банк шоттары мен абоненттік нөмірлер рәсімдеген. Кейін бұл деректер ұйымдастырушының пайдалануына берілген. Нәтижесінде сол шоттар арқылы 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат айналымға түскені анықталған.
2025 жылдың тамызында Бахтияр Оглы Р. халықаралық іздеуге жарияланып, сот оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. 2026 жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Сонымен қатар сот шешімімен үшінші тұлғалардың атына тіркелген PORSCHE CAYENNE және LEXUS GX 460 маркалы екі көлік мемлекет меншігіне өтті.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.