Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Онлайн несие алу бұрынғыдай жеңіл болмайды: жаңа талаптар қандай
Қаржылық сауат

Онлайн несие алу бұрынғыдай жеңіл болмайды: жаңа талаптар қандай

21.02.2026
мин
0
72

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында онлайн несие беру талаптарына енгізілген өзгерістер туралы жариялады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның мәліметінше, енді азаматтар онлайн несиені бірден ала алмайды. Банк қарыз алушыға 24 сағат ойлану уақытын береді. Осы мерзім ішінде азамат өз шешімін қайта қарап, несиеден бас тартуға құқылы.

Сонымен қатар ірі көлемдегі несиеге қатысты қосымша талап енгізілді. Егер несие сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асса, жұбайының келісімі міндетті болады.

2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңгені құрайды. Демек, 1000 АЕК — 4 325 000 теңге. Осы сомадан жоғары несие алу үшін ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі қажет.

Депутаттың айтуынша, бұл өзгерістердің мақсаты — асығыс шешімдердің алдын алу, азаматтарды артық қарыз жүктемесінен қорғау, қаржылық қауіпсіздікті арттыру және алаяқтық тәуекелдерін азайту.

Несие — уақытша қаржылық мәселені шешудің құралы болғанымен, ол ұзақ мерзімді міндеттеме жүктейді. Сарапшылар мен заң шығарушылар азаматтарды қарыз алмас бұрын оның қажеттілігін мұқият саралауға шақырады. Егер мүмкіндік болса, шығынды кейінге қалдыру немесе балама жолдарын қарастыру қауіпсіз шешім болуы мүмкін. Қаржылық тұрақтылық — ойланбай алынған несиеден емес, есеппен қабылданған шешімнен басталады.

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8980 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл