Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оңтүстік Ақсай газ конденсат кен орны пайдалануға берілді
Жаңалықтар

Оңтүстік Ақсай газ конденсат кен орны пайдалануға берілді

10.05.2023
1 мин
0
658

Биыл 10 мамырда Оңтүстік Ақсай газ конденсат кен орнында газ өндіру басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазМұнайГаз баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның арқасында Қызылорда өңірі тұрғындарының қажеттілігін өтеу үшін «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚМГ-нің бірлескен кәсіпорны) жылына қосымша 100 млн текше метрге дейін газ жеткізетін болады. 

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сондай-ақ тауарлық газ өндірісін арттыру үшін бірқатар басқа да іс-шараны қолға алды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында компания 2023 жылдың соңына дейін Рожков кен орнынан газ жеткізуді бастауды көздеп отыр. 

2024-2025 жылдары Орталық Өріктау кен орнынан өнім жеткізу жоспарда. Бұл жылына қосымша 1 млрд текше метр газды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, 2027-2030 жылдарға қарай Қаламқас және Батыс Прорва кен орындарынан 2,1 млрд текше метр тауарлық газ өндіріледі деп күтіледі. Мұның бәрі ҚМГ-ге 2030 жылға дейін ішкі нарықты қосымша 6 млрд текше метр газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

фото: ҚазМұнайГаз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл