Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстандағы халықаралық қызғалдақ фестивалі жанжалмен аяқталды
Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстандағы халықаралық қызғалдақ фестивалі жанжалмен аяқталды

06.05.2025
1 мин
0
55
Сурет: "КТК" арнасы

Жамбыл облысында өткен жауқазындар фестивалінен қайтқан жұрт жолда жаяу қалуға мәжбүр болды. Ауқымды шараға шақырылған қонақтар қайтар жолда қараусыз қалдырылғанына наразы, - деп хабарлайды Dauletten.kz “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Қызғалдақ алқабынан фестиваль аумағына дейін 10 шақырымнан аса жаяу жүрген адамдардың қатарында қарттар мен балалар да болған. Олардың айтуынша, арнайы бөлінген автобустар лық толып, кетіп қалған.

Амалсыздан далада қалған жұрт елді мекенге дейін жаяу жетіп, кейін қалаға дейін көлік тосуға мәжбүр болған. Ұйымдастырушылар болса, дайындалған көліктер бірнеше мәрте қатынағанын алға тартады. Себебі жеке көлігімен келген кейбір қонақтар көлігін тастап, автобусқа отырған.

Ресми мәліметке сәйкес, 20 автобус пен 40 “Нива” көлігі 4 мың адамды тасымалдауға тырысқан. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бірнеше сағат ішінде барлық қонақтар жол бойына жеткізілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл