| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Алматы қаласында оқушыларға қашықтан оқу мақсатында таратылған планшеттердің 1 мыңнан астамы жарамсыз болып шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингінде айтылды.
Ата-аналар білім беру мекемелеріне мәселені айтып, шағымданған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі планшеттерді тәуелсіз сараптау нәтижелерін айтты.
«Планшеттерге сараптама жасалды. Құрылғылар техникалық талаптарға сай емес. Зауыттық ақау анықталды. Олар қайта қайтарылып, оқушыларға басқа планшеттер беріледі», - деді республикалық арнайы бақылау тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Хасанов.
Еске сала кетейік, Алматы қаласы бойынша балаларға 60 мың теңгелік 22 мың планшет сатып алынған.
                                                                    
                                                                    Тағы көру