Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оралда әкесі мен баласы суға батып мерт болды
Жаңалықтар

Оралда әкесі мен баласы суға батып мерт болды

14.08.2023
1 мин
0
746
Фото: kazaknews.kz

Оралда Жайық өзеніне батып кеткен баланың құтқарылған әкесі де есін жимай көз жұмды.

13 тамыз сағат 16:47 кезінде құтқарушылар пультіне Жағалау көшесінде Жайық өзеніне үш адамның батып бара жатқаны туралы хабар түскен.

Өзенде шомылып жүрген 49 жастағы ер адам, 12 және 17 жасар екі жасөспірімге көмек қажет болған.

Құтқарушылар ересек кісі мен 12 жасар баланы судан шығарып үлгерді.

Ал 17 жасар жасөспірімнің денесі төрт сағат іздегеннен кейін табылып, жағаға шығарылды. Ол құтқарылған ер адамның ұлы еді.

Кейінірек БҚО ТЖД 49 жастағы ер адамның ес-түссіз жатқанын хабарлады.

Құтқарушылар оған жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Өкінішке қарай, реанимациялық шараларға қарамастан ер адам есін сол күйі жиған жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл