Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ораза айт қарсаңында Өзбекстанда 541 тұтқынға рақымшылық жасалды
Жаңалықтар

Ораза айт қарсаңында Өзбекстанда 541 тұтқынға рақымшылық жасалды

21.04.2023
1 мин
0
454

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қасиетті Рамазан айын атап өту қарсаңында ізгілік, адамгершілік, мейірімділік пен кешірімділік сынды асыл қасиеттерінің жарқын көрінісі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне шын өкінген және түзелу жолына қадам басқан бір топ адамдарға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бабының 23-тармағына сәйкес жазасын өтеп жатқан және жасаған әрекетіне шын өкініп, түзелу жолына батыл қадам басқан 541 адамға рақымшылық жасалды.

«Рақымшылық жасалғандардың 374-і негізгі жазадан толық босатылды, 110-ы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 18-і жазасы жеңілірек жазамен ауыстырылды. Сондай-ақ 39 адамға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі қысқартылды. Кешірім жасалғандардың 36-сы шетел азаматтары, 136-сы әйелдер, 75-і 60 жастан асқан ер адамдар, 6-ы тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан адамдар», – делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес, рақымшылық жасалған азаматтарды отбасы мен туған-туыстарының қасына оралуына, пайдалы еңбекпен айналысуына, қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу бойынша жауапты министрліктер мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.

Фото: Egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
296
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл