Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оразада дұрыс тамақтанудың 7 жолын білесіз бе?
Жаңалықтар

Оразада дұрыс тамақтанудың 7 жолын білесіз бе?

02.04.2023
1 мин
0
1500

Оразада қалай тамақтану керек? Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында оразада тамақтанудың негізгі ережелерін ұсынды. Бұл туралы Massaget.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

1. Аузыңызды құрмамен ашыңыз

Құрма – көмірсу көзі болғандықтан, ал сіз күні бойы аш жүргендіктен, ол бойыңызды сергітіп, келесі күні ресурсты болуыңызға көмектеседі.

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Оразаларыңды құрмамен ашыңдар, өйткені ол береке. Егер құрма табылмаса, онда сумен ауыз ашыңдар, өйткені ол тазалушы» деген. (Ибн Мажә)

2. Жеткілікті мөлшерде су ішіңіз

Ауыз ашардан кейін және сәресіне дейін ағзаңызға қажетті мөлшерде су ішуге тырысыңыз.

3. Шөлдететін өнімдерден бас тартыңыз

Консервілер, тұзды жаңғақтар мен балықты тұтынбауға тырысыңыз. Сонымен қатар дәмдеуіші көп қосылған ас та шөлдетеді. Сондықтан көкөністер мен жемістер жеңіз. Ол шөліңізді басып, ағзадағы су тапшылығын азайтады.

4. Асықпай тамақтаныңыз

Күні бойы аш жүргендіктен, бірден көп тамақ жеу ағзада күйзеліс тудырады. Аузыңызды құрмамен ашып, артынан су ішіп, сорпа мен салат жеген абзал. Біраз уақыт өткен соң негізгі асты ішсеңіз болады. Көп тамақтану ас қорыту жүйесі мен асқазан ауруларын тудырады. Ал ауызашардағы сорпа – ағзаға қажетті қоректі заттарды толықтырып, асқазанды келесі асты қорытуға дайындайды.

5. Ас мәзірінде пайдалы өнімдер болсын

Рационға міндетті түрде көкөніс пен жеміс-жидектер қосып, қуырылған, ащы және майлы астан аулақ болыңыз. Ас мәзіріңізде міндетті түрде ет, дәнді-дақылдар және жұмыртқа болсын. Себебі бұл өнімдер ағзаға қажетті протеиндерге бай.

6. Тәттілерді азайтыңыз

Ауыз ашардағы тәттілер ішіңізді кептіріп, ас қорытуды нашарлатады. Оған қоса, қандағы глюкозаны да көбейтіп, тәттіқұмарлыққа әкеледі. Егер қатты тәтті жегіңіз келсе, онда ауыз ашқаннан соң 2-3 сағаттан кейін жеңіз. Жалпы тәттілерді құрма, кепкен жемістермен алмастырған жөн.

7. Кофені азайтыңыз

Ораза кезінде кофені аз ішіңіз. Себебі ол ұйқысыздық пен бас ауруына әкеледі.

Фото: 24.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл