Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Орман өртінен ауаны түтін басса қандай шара қолдану керек?
Маман пікірі

Орман өртінен ауаны түтін басса қандай шара қолдану керек?

12.06.2023
5 мин
1
1209

Денсаулық сақтау министрлігі орман өртінен ауаны қатты түтін басқан кезде жасайтын шараларды айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Атмосфералық ауаны орман өрттерінен пайда болған қатты түтін басқан кезде адамдардың жанғыш өнімдерден улануының, жүрек-қан тамырлары, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың өршуінің, аурулардың жіті ұстамаларының алдын алу мақсатында зиянды химиялық заттардың ағзаға түсуін шектейтін профилактикалық іс- шараларға ерекше назар аудару керек.

Орман өртінің түтінінен кім барынша үлкен қауіпке ұшырайды?

  • Өкпенің обструктивті созылмалы ауруы, демікпе немесе жүрек ауруы сияқты арулары бар адамдардың орман өртінің түтініне ұшырау қаупі жоғары;
  • Егде жастағы адамдар түтіннің әсеріне көбірек ұшырайды. Бұл олардың жүрек және өкпе ауруларының жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін;
  • Жиі жағдайда түтіннің балалар денсаулығына қауіпі жоғары. Балалардың тыныс алу жолдары әлі де даму сатысында және олар ересектерге қарағанда дене салмағына қарай көбірек ауа жұтады. Сонымен қатар, балалар жиі ашық ауада көбірек уақыт өткізеді;
  • Сыртта жұмыс істейтін немесе спортпен өте белсенді шұғылданатын адамдардың да денсаулығына барынша жоғары жағымсыз әсер ету қаупі бар.

Орман өрттерінен туындаған түтіннен зардап шегетін өңірлердің тұрғындарына арналған ұсынымдар:

  •  Түтінді далада серуендеуден аулақ болыңыз, өйткені бұл жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларының дамуына түрткі болады.

Жүкті әйелдер мен балаларға түтінді көшеге мүлдем шықпау ұсынылады.

  • Денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен алып жүруі тиіс; егер сыртта түтін болса, дене шынықтырумен  айналысу үшін сыртқа шықпағаны дұрыс. Терезелері жабық үй-жайларда болыңыз;

Үй-жайлардағы ауаны мүмкіндігінше таза ұстаңыз. Терезелер мен есіктерді жабық ұстаңыз. Кондиционерді қосыңыз, сыртқы түтіннің кіруіне жол бермеу үшін сүзгіні таза ұстаңыз;

Терезелерге, желдеткіштерге  ылғалданған шүберек іліп қойыңыз және оны мезгіл-мезгіл ауыстырыңыз. Ауаны ылғалдандыру үшін үй-жайларға суы бар ыдыстарды қойыңыз.

Машинада кондиционерді қолданыңыз және терезелерді жабық ұстаңыз. Есіңізде болсын, көлік құралдары ешқашан гараж сияқты жабық кеңістікте жұмыс істемеуі керек;

Үй-жайдағы ауаның ластануын арттыратын әрекеттерден аулақ болыңыз. Жанып тұрған шамдар, каминдер және газ плиталары үй-жайлардың ластануын арттыруы мүмкін. Шаңсорғыш үйіңіздің ішіндегі қоқыстарды көтереді, бұл үй-жайлардың ластануына ықпал етеді.

Ересектер үшін сұйықтықты тұтынуды тәулігіне 2-3 литрге дейін арттыру (сілтілі минералды су, итмұрынның, көкжидектің қантсыз қайнатпалары, көк шай), жас балаларға кәдімгі қайнаған су беру керек, ал сәбилерге - жиі емізуді көбейтіп, қосымша тамақтану режимін орнату керек.

Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары және аллергиялық патологиялармен ауыратын адамдарға  мыналар ұсынылады:

  • қан қысымын күніне кемінде 2 рет өлшеңіз;
  • тұрақты артериялық гипертензиямен - дәрігерге қаралыңыз;
  • емдеуші дәрігер ұсынған дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Егер созылмалы ауру болса, дәрігер ұсынған тағайындауларды қатаң түрде орындаңыз.

Есіңізде болсын, темекі шегу ауаны одан әрі ластайды.

Бастың ауруы, көмірқышқыл газымен уланудың алғашқы белгілері пайда болған кеде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

фото: gov.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
1 Пікір
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл