| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ормуз бұғазының жабылғаны туралы хабар тарағаннан кейін мұнай бағасы қайтадан айтарлықтай өсті. Соңғы деректерге сүйенсек, Brent маркалы мұнайдың құны 6 пайыздан асып, бір баррелі шамамен 96 долларға жеткен. Ал АҚШ-та өндірілетін мұнайдың бағасы 7 пайыздан жоғары өсіп, 90 доллар шамасына көтерілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мамандар мұндай күрт қымбаттауды Ормуз бұғазы аймағындағы шиеленістің қайта күшеюімен байланыстырады. Себебі бұл өңір арқылы әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20 пайызы өтеді, яғни ол аса маңызды стратегиялық бағыт саналады. АҚШ пен Иран бір-бірін келісімді бұзды деп айыптауда. Вашингтон Иранның жүк кемесін қолға түсіргенін мәлімдеген соң, Тегеран келіссөздердің келесі кезеңіне қатысудан бас тартқан. Бұған қоса, америкалық тарап Иран порттарына қатысты шектеулерді әлі де тоқтатпаған.
Бұл жағдай тек мұнай нарығына ғана емес, бүкіл әлем экономикасына әсер етуі мүмкін. Энергия тасымалының бұзылуы инфляцияның өсуіне және жеткізу жүйелерінің әлсіреуіне алып келетіні белгілі.