Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өрт сөндірушілерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беру керек – депутат
Жаңалықтар

Өрт сөндірушілерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беру керек – депутат

12.10.2022
1 мин
0
1141

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов өрт сөндірушілердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын ұсынды.

«Өткен айда еліміздің бірнеше аймағын өрт шарпыды. Қостанай облысында болған ірі өртте азаматтық және өртке қарсы қызметтің бірнеше қызметкері құрбан болды. Мемлекет басшысы Қостанай облысына барған сапарында Төтенше жағдайлар министрлігін айтарлықтай нығайту қажеттігін айтты. Үкіметке ТЖ қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешуді және олардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруды тапсырды», - деді депутат Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында. 

Депутат төтенше жағдайлар мәселесі жөнінде бірқатар ұсыныстарын жариялады. 

«Ең алдымен, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің сандық штатын ұлғайту қажет. Екіншіден, Беларусь Республикасының үлгісі бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қатардағы қызметкерлеріне негізгі жұмыстан бос уақытында екінші қосымша жұмыста еңбек етуге заңнамалық құқық берілсін. Қазіргі уақытта Қазақстанда бұған заң жүзінде тыйым салынған. Үшіншіден, автопарк пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет ғимараттарын жедел жаңартуды жүргізуге міндетті – 30 жылда бірде-бір жаңа депо салынбаған аймақтар бар. Сондай-ақ азаматтық қорғанысты қорғау заттарын жаңарту, ТЖМ құрылымдарын арнайы техникамен және басқа да қажетті жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз ету қажеттігі бар», - деді М. Магеррамов. 

Спикердің айтуынша, полиция және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің үлгісі бойынша құтқару қызметінің қызметкерлері үшін зейнетке шығу жасын төмендету керек. 

«Қазіргі уақытта құтқарушылар азаматтық қызметкерлер ретінде 63 жасқа толғаннан кейін жалпы негізде зейнетке шығады. Бұл жастағы құтқарушылар биіктікте, су астында, өртке қауіпті аймақтарда нақты жұмыс түрлерін орындай алмайды. Тау бөктеріндегі, орман және дала жерлеріндегі өртке қарсы бекеттерді сан жағынан ұлғайтып, өртке қарсы бақылау үшін дрондармен жабдықтау секілді нығайту керек. Өртке қарсы қызмет маманының құрылыс кезінде, көппәтерлі тұрғын үйлерді, өнеркәсіптік және әлеуметтік объектілерді және оларда адамдардың жаппай болуын көздейтін өзге де ғимараттарды пайдалануға қабылдау кезінде жобалау-сметалық құжаттама кезеңіне міндетті түрде қатысуын бекіткен жөн», - деді депутат.

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл