Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылуы мүмкін бе?
Жаңалықтар

Орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылуы мүмкін бе?

15.08.2022
1 мин
1
1392

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде 6-7 жыл ішінде қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылатыны туралы ақпарат таратылуда. Бұл фейк. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

«Қазақстанда орыс мектептерінің болашағы бар ма?» материалы екі жыл бұрын 31 арнада «Информбюро» эфирінде шыққан. Оған елордадағы №90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлының пікірі ұсынылған БАҚ-тағы ақпарат негіз болған. Сюжетте орта білім беру саласындағы үрдістер талқыланды. Сондай-ақ орыс тілді мектептердегі оқушылар санының азаюы сөз болды. Гимназия директоры қалған оқушылар болашақта бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін деген пікірін білдіріп, ата-аналарды мемлекеттік тілді меңгеру үшін балаларды қазақ мектептеріне беруге шақырды. Сонымен қатар сюжетте Білім сарапшыларының қазақ лигасының вице-президенті Наталья Дрейттің де пікірі ұсынылды. Ол орыс және қазақ мектептері толы және мәселе мұғалімдердің жетіспеушілігінде, ал бұл жағдайды педагогтердің мәртебесі туралы заң өзгертуі тиіс деп мәлімдеді. Бүгінде бұл материал пабликтерде әдейі бұрмаланып жариялануда», – деп түсіндірді «31 арна» өкілдері
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орыс тілінде оқытатын сыныптарды жабу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ», – деді Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Н
Нағыз ҚАЗАҚ.. 21.08.2022
Жауып тастасын.Мемлекеттік тілді дамыту керек.30-жыл болды,өзге елдің тілін дамытып келе жатқанымызға.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл