| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өскемен қаласында қоғамдық көлік аялдамасында ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 66 жастағы тұрғын жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмған, —деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өскеменде қоғамдық көлік аялдамаларының бірінен ер адамның мәйіті табылды. Оқиға туралы хабар полицияға таңғы сағат 06:45 шамасында түскен.
Полицияның мәліметінше, «102» арнасына жедел жәрдем қызметкерлері хабарласып, Абай және Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы аялдамада жансыз жатқан адам туралы ақпарат берген.
Кейін қайтыс болған адамның 66 жастағы Өскемен тұрғыны екені анықталды.
Алдын ала болжам бойынша, ер адамның өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенге дейін оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.