| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                ШҚО-да әйел бейтаныс адамға жүргізуші куәлігін алуға 1,2 млн теңгеден астам қаражат берген, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Өскемендегі Ертіс ПБ-ның кезекші бөліміне 38 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Ол жүргізуші куәлігін қысқа мерзімде жасауға уәде берген бейтаныс адамның көмегіне жүгінген. Көлік құралын басқаруға рұқсат беретін "құжат" сомасы шамамен 1 млн 240 мың теңге болған.
"Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Ол - Шемонаиха ауданының 54 жастағы тұрғыны. Тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне жеткізген, ол жауап алу кезінде бұл әрекетін мойындаған"-, деп жазды Polisia.kz.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Күдікті кінәсін мойындаса, оған екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы беріледі", - делінген хабарламада.