485.34
564.45
6.53
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Отандық қант өндірісі құлдырады: нарықты импорт жаулап барады
Жаңалықтар

Отандық қант өндірісі құлдырады: нарықты импорт жаулап барады

04.06.2026
мин
0
186
Сурет: Ulysmedia.kz

Қазақстанда қант өндірісі күрт төмендеп, ішкі нарықтағы импорттың үлесі рекордтық деңгейге жетті. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында отандық кәсіпорындар өндірген қант көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,8 есе азайып, нарықтағы жергілікті өнімнің үлесі небәрі 7,1 пайызды құрады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанның қант саласы 2026 жылдың алғашқы тоқсанын өндіріс көлемінің айтарлықтай төмендеуімен аяқтады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, қаңтар-наурыз айларында елдегі қант зауыттары 9,5 мың тонна өнім өндірген. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 64,6 мың тонна көрсеткіштен 6,8 есе аз.

Өндірістің қысқаруы ішкі нарық құрылымына тікелей әсер етті. Нәтижесінде отандық қанттың нарықтағы үлесі бір жыл ішінде 28,2 пайыздан 7,1 пайызға дейін төмендеді. Ал импорттық өнімнің үлесі 92,9 пайызға жетіп, елдің сыртқы жеткізілімдерге тәуелділігі күшейгенін көрсетті.

Сонымен қатар, қантқа деген ішкі сұраныс та азайған. Бірінші тоқсанда ішкі нарықтағы сату көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30,5 пайызға төмендеп, 104,6 мың тоннаны құрады. Экспорт көлемі де қысқарып, шетелге жөнелтілген қант мөлшері 2,6 есеге азайған.

Соған қарамастан, экспортталған қант көлемі 30 мың тоннадан асып түсті. Бұл көрсеткіш қазіргі ішкі өндіріс көлемінен үш еседен көп.

Сарапшылар мұндай жағдай ұзақ мерзімде азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін екенін айтады. Себебі ішкі өндірістің әлсіреуі импортқа тәуелділікті арттырып, әлемдік нарықтағы баға мен жеткізілім өзгерістеріне сезімталдықты күшейтеді.

Соңғы жылдардағы статистика да саладағы тұрақсыздықты көрсетіп отыр. 2020 жылы қант өндірісі 139,5 мың тоннаға дейін төмендегеннен кейін, 2022 жылы 281,8 мың тоннаға жетіп, ең жоғары көрсеткіш тіркелген. Алайда кейінгі кезеңде өндіріс қайта құлдырап, тек 2025 жылы ғана 174,2 мың тонна деңгейіне дейін көтерілген.

Қант өңдеу кәсіпорындарының жұмысы да тұрақсыз күйде қалып отыр. Өткен жылы елде жұмыс істеп тұрған зауыттар саны бірнеше рет өзгерген. Жыл басында бес кәсіпорын жұмыс істесе, жаз айларында олардың саны үшке дейін азайған. Ал тамыз бен қыркүйекте тек бір ғана зауыт жұмысын жалғастырған. Тек күздің соңына қарай жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны қайтадан төртке жетті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл