447.88
516.58
5.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Отбасы банк» баспана кезегіндегі азаматтарды қайта тексереді
Баспанаға бағыт

«Отбасы банк» баспана кезегіндегі азаматтарды қайта тексереді

15.09.2026
мин
1
194
Сурет: NUR.kz

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың деректері қайта тексеріледі. 14 қыркүйектен бастап түгендеу тәртібі өзгеріп, кей мәліметтерді жаңарту үшін азаматтан жеке келісім алу талап етілмейді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда баспана кезегінде тұрған азаматтарды есепке алу тәртібі жаңарды. «Отбасы банк» 14 қыркүйектен бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәліметтерін жаңа талаптар бойынша түгендеу басталғанын хабарлады.

Енді түгендеу барысында азаматтың немесе оның заңды өкілінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге бөлек келісім алу қажет болмайды. Бұл рәсім кезекте тұрған адамның қазіргі жағдайын нақтылауға мүмкіндік береді.

Тексеру кезінде азаматтың кезектегі мәртебесі, отбасы құрамы, санаты және оның немесе отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй бар-жоғы туралы ақпарат жаңартылады.

Сонымен қатар тұрғын үй кезегіне қатысты бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді.

Мәселен, кезекке жаңадан тұратын азаматтың немесе оның отбасы мүшесінің жалғыз тұрғын үйдегі үлесі 50 пайыз немесе одан жоғары болса, ол тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке алынбайды. Бірақ бұл талап жаңа тәртіп енгізілгенге дейін кезекке тұрған азаматтарға қолданылмайды.

Отбасы құрамын көрсету тәртібі де кеңейтілді. Енді азамат жұбайы мен балаларынан бөлек, тараптардың өзара келісімі болған жағдайда ата-анасын, немерелерін және қамқоршы ата-аналарын да өтінішке енгізе алады.

Бала асырап алған ата-ана кейін бала асырап алудан немесе қамқоршылықтан бас тартқан жағдайда да баланың тұрғын үй кезегіне алғаш қойылған күні сақталады.

Болашақта ұсынылатын тұрғын үйдің бөлме саны да отбасы құрамына қарай анықталады. Мысалы, екі баласы бір жынысты отбасына екі бөлмелі, ал балалары әртүрлі жыныста болса, үш бөлмелі пәтер ұсынылуы мүмкін. Бұл ретте тұрғын үйдің шаршы метріне жеке талап қойылмайды.

Ауыл тұрғындары үшін де өзгеріс бар. Олар жалға берілетін тұрғын үйді өздері таңдап, баспана алуға өтінішті дербес бере алады.

«Отбасы банк» түгендеудің мақсаты тек қазір салынып қойған үйлерді бөлу емес екенін атап өтті. Жаңартылған мәліметтер алдағы уақытта қай өңірде тұрғын үйге сұраныс жоғары екенін анықтап, құрылыс көлемін соған қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы талап бойынша соңғы бес жыл ішінде тұрғын үйі болмаған кәмелетке толған Қазақстан азаматтары тұрғын үй кезегіне тұра алады. Бұл үшін міндетті түрде белгілі бір әлеуметтік санатқа жату шарт емес. Дегенмен әлеуметтік осал топтарға басымдық беріледі.

Кезекте тұрған азаматтарға жалға берілетін баспана ұсынылуы мүмкін. Бұдан бөлек, тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған 2 және 5 пайыздық жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар қарастырылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Д
Динара 15.09.2026
Мен жалғыз басты ана ретінде тіркелгенмін үй кезегіне, маған үй кезегім кедгенше үй берілгенше мен жалдап тұруға мүмкіндігім барма үйді және оны үкімет төйлейма? 2 ші сұрақ Менде ұ және қыз маған неше бөлмелі пәтер беріледі үй бергенде?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл