Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өткен аптада бірқатар маңызды кадрлық ауыс-түйіс болды. Облыс әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік кірістер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы жетекші лауазымдарға жаңа тұлғалар тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көлік және инфрақұрылым саласы:
Нұржан Келбуғанов ҚР Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болды. Ол – теміржол саласының тәжірибелі маманы, еңбек жолын қарапайым кезекшіліктен бастап, түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Біржан Канешев «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті болып тағайындалды. Ол – халықаралық және мемлекеттік басқару салаларында мол тәжірибесі бар маман.
Облыс әкімдерінің жаңа орынбасарлары:
Ғани Майлыбаев – Алматы облысы әкімінің орынбасары. Бұған дейін Алматы қаласының мәдениет басқармасын басқарған.
Алтай Әлі – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. Әр жылдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда түрлі қызметтер атқарған.
Мемлекеттік кірістер органдары:
Қанат Балтабеков – БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
Аманжол Жақанов – СҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
Шыңғыс Әнуарбеков – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. Бұған дейін Астана қаласы бойынша департаментті басқарған.
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі жаңа басшылар:
Дәулет Рахымбеков – Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің бастығы.
Руслан Уразбаев – Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментінің бастығы. Құқық қорғау саласында 25 жылдан аса еңбек еткен.
Шаймерден Есенкелдиев – Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің бастығы. Бұған дейін Қызылорда облысында осы қызметті атқарған.