Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Ұлттық банкі кредит нарығының желтоқсан айындағаы жағдайына шолу жасады.
Ұлттық банктің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 2021 жылдың соңғы айында банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 3,7% ұлғайып, 18 трлн 497,7 млрд теңге болған (жылдық мәнде өсім – 26,5%). Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 7 трлн 758,8 млрд теңгеге дейін немесе 3,5%, ал жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 10 трлн 738,8 млрд теңгеге дейін немесе 3,8% артқан.
«Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 16 трлн 588,2 млрд теңгеге дейін немесе 3,8% ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардікі 3,8%, жеке тұлғалардікі 3,9% өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 трлн 909,5 млрд теңгеге дейін немесе 2,6% ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардікі 2,6% өссе, жеке тұлғалардікі 0,9% төмендеді. Желтоқсанның соңында теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды», - деп жазылған ресми мәліметте.
Ұлттық банк сайтының жазуынша, ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 трлн 30,5 млрд теңгеге дейін немесе 3,9%, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 трлн 467,2 млрд теңгеге дейін немесе 2,7% ұлғайған. Оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне желтоқсан айында 3 трлн 772,2 млрд теңге кредит (жалпы корпоративтік сектор кредиттердің 48,6%-ы) берілген. Ал банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттердің орташа сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5% болған (14,9%).